Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына заңды күшiне енген сот актiлерiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге өтінішхаттың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» өтінішхатты қарау барысын қадағалап отырасыз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі 436-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.

2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда – апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Өтінішхаттың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.

Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.