Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Талап қою, ерекше талап қою, ерекше іс жүргізу тәртібінде арыз беру Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен тізімдегі сот органына талап арызды және арызды беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектің скан-көшірмесін қоса тіркеңіз («төлемеу» жолы мемлекеттік бажды төлеуден босатылған жағдайда толтырылады).

4. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

5. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Талап арызды заңды тұлға атынан жіберген жағдайда заңды тұлғаның есептік жазбасы (БСН) арқылы авторланып, содан соң талап қоюшы туралы деректер жолына заңды тұлғаның деректемелерін толтыру қажет.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.